2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қандай жағдайларда импортталған тауарларды өткізіп, шот-фактура жазбауға болады

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қандай жағдайларда импортталған тауарларды өткізіп, шот-фактура жазбауға болады

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Салық кодексінің 412-бабы 1-тармағы 5)-тармақшасының редакциясына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер шот-фактура жазып беруге міндетті.
Сонымен бірге, Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағына сәйкес шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:
1) есеп айырысулары:
сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;
төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген;
2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;
3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;
4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;
5) тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;
6) Салық кодекстің 397-бабында көзделген қызметтер (қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар бойынша) көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.
Жоғарыда жазылғандарға байланысты импортталған тауарларды өткізген жағдайда Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағының 1) – 6)-тармақшаларымен қарастырылған жағдайларда шот-фактураларды жазып беру талап етілмейді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор записи: Жасулан Мантаев