«2019 жылдың 01 қаңтарға астананың Мемлекеттік бюджеті 101,8% орындалды».

 «2019 жылдың 01 қаңтарға астананың
Мемлекеттік бюджеті 101,8% орындалды».
       
Қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң серпіні және салықтық әкімшілендіру бойынша жаңа тәсілдер елордаға мемлекеттік бюджеттің өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша жетекші орынға ие болуға мүмкіндік береді, осылайша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 114,6%–ды құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 116,2% — ды, жергілікті бюджет бойынша – 109,8% — ды құрады. 2018 жылы түсімдер жоспары 19,8 млрд. теңгеге асыра орындалды (101,8%) немесе 1135,0 млрд.теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджет бойынша 15,8 млрд. теңгеге асыра орындалды. (101,9%) немесе 867,1 млрд.теңге түсті, жергілікті бюджетке түсімдер 267,9 млрд. теңге сомасында қамтамасыз етілді немесе болжам 4,0 млдр. теңгеге артық орындалды (101,5%). Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер астананың экономикалық өсуі үшін жағдай жасауға, Астана қаласында Мемлекеттік кірістер жинауды арттыруға және көлеңкелі экономикаға тиімді қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған кешенді шаралардың нәтижесі болып табылады, онда Астана қаласында Мемлекеттік кірістер жинауды арттыру және көлеңкелі экономикаға тиімді қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев