01.01.2019 жылдан бастап заңды күшіне енетін СК енгізілген өзгерістерге сәйкес өсімпұлдарды, айыппұлдарды есептен шығару тәртібі

01.01.2019 жылдан бастап заңды күшіне енетін СК енгізілген өзгерістерге сәйкес өсімпұлдарды, айыппұлдарды есептен шығару тәртібі

 
 
 
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы мен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 210-VI Заңымен 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексіне қосымша өзгерістер енгізілді.
Заң 57-1-баппен толықтырылды,  атап айтқанда салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шотта есепте тұрған бересі сомасын 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде төлеген жағдайда салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, бұл ретте 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сондай-ақ есептен шығаруға жатады
— 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, 2018 жылғы 1 қазаннан оны төлеу күніне дейінгі кезең үшін көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша есептен шығарылады;
— 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелген ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұл сомасы
Сондай-ақ, осы баптың ережелері ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілерге не 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша акцизделетін тауарларды өндіру, жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асырған (жер асты суларын, емдік балшықты өндіру құқығына ие болғандықтан ғана болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда) және жеке тұлғаларға (жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды қоспағанда) қолданылмайды.

Автор: Жасулан Мантаев