Журналистер үшін елорданың салық қызметкерлері ашық

Разместил: zhasulan1 Размещено: 15 марта 2018 19:22 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 64

Журналистер үшін елорданың салық қызметкерлері ашық

2018 жылдың 15 наурызында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз конференциясы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елорданың мемлекеттік кірістер органдары қызметіндегі ең маңызды аспектілерді жариялап, халықты хабардар ету болып табылады Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әділбаев Қанат Серікханұлы іс-шараны ашып берді.
    2017 жылдың және 2018 жылдың қантар-ақпан айларының бюджеттің атқарылуы туралы қысқаша қорытындылары жөнінде ақпараттар.
2017 жылдың мемлекеттік бюджет жоспары 102,2% орындалды, 968,9 млрд. теңге жоспар бойынша 990,0 млрд.теңге бюджетке түсті, оның ішінде РБ – 102,3% (жоспар – 729,5 млрд. теңге, факт – 746,0 млрд. теңге), ЖБ – 101,9% (жоспар -239,5 млрд. теңге, факт – 244,0 млрд. теңге).
Мемлекеттік бюджет жоспары 105,1% орындалды, 154,9 млрд. теңге жоспар бойынша бюджетке 162,8 млрд. теңге түсті, оның ішінде РБ – 101,5% (жоспар – 126,3 млрд. теңге, факт – 128,2 млрд. теңге), ЖБ – 121,2% (жоспар - 28,5 млрд. теңге, факт – 34,6 млрд. теңге).
МКК құзіретіне кіретін республикалық бюджет түсімдерінің орындалуы 103,0%  құрады, (жоспар – 153,9 млрд. теңге, факт – 158,6 млрд. теңге), соның ішінде РБ – 99,8% (жоспар – 125,9 млрд. теңге, факт – 125,7 млрд. теңге), ЖБ - 117,4% (жоспар – 28,1 млрд. теңге, факт – 32,9 млрд. теңге).
Салық төлеушілерді әкімшілендіру іс-шараларының әсерінен «нақтылы ақшамен» Республикалық бюджетке салықтардың 28,0 млрд. теңге қосымша түсуі қамтамасыз етілген, оның ішінде мына бағыттар бойынша:  камералдық бақылау есебінен - 13,3 млрд. теңге, берешектерді өндіріп алу есебінен - 4,9 млрд.теңге; кедендік және салықтық тексерулердің нәтижесінде – 3,2 млрд.теңге өндіріп алынды, залалды өтеу - 0,2 млрд. теңге және т. б.
Көлеңкелі экономика көлемін қысқарту үшін және бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайту бағытында тері бұйымдарын таңбалау жұмыстары басталды.
Тері бұйымдарын таңбалаудың негізгі мақсаты:
- тұтынушыларды - сатып алынатын өнім жөнінде толық ақпаратпен контрафактілік өнімнен қорғауды қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлерге заңсыз өнімнен сақтануы және зияткерлік меншікке құқықтарын қорғау, бизнес жүргізуде нарықтағы бәсекеге қабілеттілік шарттарын теңдестіруге мүмкіндік жасалады.
Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың күшін біріктіру арқылы жұмыстар жүргізілуде. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде, Астана қаласының аумағында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген жоспарымен» Астана қ. бойынша жергілікті полиция қызметі, Астана қаласы Әкімдігі мен МКД бірлесіп тұрғын үйді жалға берушілер анықталды.
Департамент қызметкерлері Астана қаласы бойынша 48, оның ішінде: салықтық қызмет – 29; кедендік қызмет – 19 түрін мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Қазіргі уақытта электронды түрде 34 қызмет түрі қол жетімді. Электрондық форматта көрсетілетін қызмет түрлерінің үлес салмағы, үнемі ұлғаюда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша электрондық түрде 90%-ға қызметтер (2016ж. – 84,9%, өсімі 5,1%) көрсетілді.
Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Р.Хамбаровтың баяндамасы журналистердің қызығушылығын тудырды. Ол Маркировка KZ мобильді қосымшасының көмегімен тері бұйымдарын тұтынушылардың сатып алу кезінде тексеру мүмкіндігін  көрсетті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қызықтырған өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн