Электрондық шот-фактураларды жазып жіберу ерекшеліктері

Разместил: zhasulan1 Размещено: 2 июля 2018 18:44 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 10

Электрондық шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
    
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде келесі салық төлеушілер шот-фактура жазып беруге міндетті:
1) Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 379 бұйрығы);
3) Салық кодексінің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;
4) Салық кодексінің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;
5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.
Салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайларды:
1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.
2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.
Бұл ретте салық төлеушілердің жоғарыда аталған санаттарында электронды түрде шот-фактураларды жазып беру міндеттемесі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Электронды түрде шот-фактура 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін жазып беруге міндетті:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 379 бұйрығы);
2) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор, кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кеден қоймаларының иесі болып табылатын салық төлеушілер;
4) халықаралық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушілер.
Бұл ретте «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43 бабының 26 тармағына сәйкес тауарларды сататын, жұмыс істейтін, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қызметтер көрсететін салық төлеушілер, сондай-ақ «Электрондық коммерцияны жүзеге асыру ережелері» 16-тармағының 3-тармақшасына сәйкес сатушылар - электронды саудадағы қатысушылар электрондық шот-фактуралар жазып беруге міндетті.
Электронды түрде шот-фактура «электрондық шот-фактуралар» ақпарат жүйесінде жазылады.
Электрондық шот-фактураларды жазып беру үшін және ЭШФ АЖ-не қол жеткізу үшін салық төлеушілер қызмет көрсету орталығына хабарласып электрондық цифрлық қолтаңбаны алу керек және «электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесіне тіркелу керек.
Электрондық шот-фактура Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 270 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жазылады.
ЭШФ қатысты мәселелер бойынша барлық қажетті ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті kgd.gov.kz сайтында - Қызмет - Салықтық әкімшілендіру - Электронды шот-фактуралар бөлімінде орналастырылады.
Сондай-ақ, электрондық шот-фактураларды жазбаған немесе уақтылы жазбаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын хабарлаймыз.


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  


Кто онлайн