Электронды түрде қызмет көрсету

Разместил: zhasulan1 Размещено: 3 мая 2018 17:40 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 106

Электронды түрде қызмет көрсету

Электронды түрде қызмет көрсету «салық төлеушінің кабинеті» https://cabinet.calyk.kz/sonowebinfo/ веб – қосымшасы, Салық есептілігін өңдеу сервистері (CEӨС) ақпараттық жүйесі арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Салық есептілігін электронды тапсыру үшін салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына (немесе ХҚКО) электронды салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салық өтінішін тапсыру арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны ала алады. Мемлекеттік кірістер органымен берілетін электронды цифрлық қолтаңбаның қолдану мерзімі 3 жыл. Сондай-ақ салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін ХҚКО берілген ұзарту мүмкіндігімен қолдану мерзімі 1 жыл электронды цифрлы қолтаңбаны қолдануға болады. Бұл электронды цифрлық қолтаңбамен жеке кәсіпкерлер және заңды  тұлғалар тіркеу мәліметтерін көре алады,  салық декларацияларын, патент есеп-қисабын, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы, салық есептілігін уақытша тоқтата тұруға немесе ұзартуға, қайта бастауға, салық есептілігін қайтарып алуға, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді, салық режимін таңдауға болады және т.б. салық қызметтерін алуға мүмкіндіктері бар. Электронды қызмет түрінің тиімділігі ол - компьютер арқылы кезкелген уақытта салық органына бармай-ақ, үйде немесе жұмыс орнында отырып тапсыруға болады. «Салық төлеушінің кабинеті»  уақытында жаңартылып өңделіп отырады.  Электронды қызмет түрі ыңғайлы, пайдалы, жеңіл!


  Сарыарқа ауданы бойынша
 мемлекеттік кірістер басқармасының
 бас маманы  Такишева А

Кто онлайн