Төле де емін-еркін жүр!

Разместил: zhasulan1 Размещено: 26 октября 2018 17:42 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 12

Төле де емін-еркін жүр!

Елорданың Мемлекеттік кірістер департаментінің пресс-қызметінде, айыппұл тұрағына қойылған бір «PorscheCayenne» маркалы көліктің иесі кеше өзінің көлік салығы бойынша берешегін толық 1 792,5 мың теңге сомасында өтегенін, бұдан басқа ЖСО тиесілі қомақты шығыс сомасын төлегенінхабарлады. Ол 3 жұмыс күні өткеннен кейін, өз көлігін  айыппұл тұрағынан алып кете алады.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта басқа іс-әрекет шарасын қолдану жандандырылды, борышкерлерді салықтық міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу – бұл 20 АЕК-тен салық берешегі болған жағдайда мемлекет шегінен шығуға тыйым салынатынын Департаментте атап өтті.
Қазақстан Республикасының «Орындау өндірісі мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 33-ші бабына сәйкес, егер борышкер атқару құжатының талаптарын 3 айдан аса орындамаса, сот орындаушысы шығуға уақытша шектеу қою туралы қаулы шығаруға құқылы.
Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kzсайтында борышкерлер тізімінде, немесе салық төлеушінің  тіркелген орны бойынша Астана қаласының аудандың мемлекеттік кірістер басқармаларына жүгініп өзіңді тексеруге болады.
Шетелде өз демалысын жоспарлайтын көп азаматтар, күнтізбелік жылдың және мейрамдардың келуін ескере, кетер алдында жағымсыз жағдайдың алдын алу үшін, елордалық Департемент мүлік салығы, жер және көлік салығы бойынша салықтық берешегін уақытылы өтеуді ұсынады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн