Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

Разместил: zhasulan1 Размещено: 20 февраля 2018 17:30 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 103

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

2018 жылдың 16 ақпанында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Рахимов Жанғазы Зекенұлы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мұсағали Олжас Ержанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы баяндады.
Жемқорлық пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаларының талаптарын қатаң сақтау ұсынылды.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн