Шетелдік қаржыландыруды бақылау

Разместил: zhasulan1 Размещено: 23 июня 2017 10:06 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 14

Шетелдік қаржыландыруды бақылау
Азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы есебтін нысандары мен табыс ету мерзімі Тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2016 жылғы 19 қазан айындағы №553, 554 бұйрықтарымен белгіленген.
Хабарлама шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынуға жататын ақша және  (немесе) өзге де мүліктер туралы мәліметтерді міндетті түрде толтырып, мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ұсынылады.
Келісім-шарт сомасын өзгерту бөлігінде бұрын жасалған мәмілелердің шартына өзгертулер енгізілген жағдайда Хабарламаның міндеттерін орындау мерзімі мәміленің шартына өзгертулер енгізілген күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Мәмілені бұзған жағдайда негізгі хабарламаның тіркеу нөмірін көрсете отырып және «алу» белгісімен көрсетілген сомалық мәнді көздейтін бағанды қоспағанда, бұрын барлық деректемелер көрсетілген бағандарды толтырып, мәміле бұзылған күннен кейінгі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде «Қосымша» түрін көрсете отырып Хабарлама жолданады.
Мәліметтер бекітілген бұйрыққа сәйкес тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етіледі. Толтыруға жататын мәліметтер болмаған жағдайда нысан нөлдік көрсеткішпен табыс етіледі.
Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді табыс етілетін кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті салықтық кезеңінің бірінде қайтарған жағдайда, алынған ақшалар көрсетілген бағанаға көрсетіліп, басқа бағаналар қайталанып жазылады, «минус» белгісі бар және сомалық бағаналардан басқа.
Мәліметтерге өзгертулер енгізілген жағдайда «Қосымша» түрі белгіленіп алдыңғы мәліметтер көрсетілген бағаналар толтырылып жіберледі, «минус» белгісі бар және сомалық бағаналардан басқа. Дұрыс толтырылған мәліметтер жаңа бағаналарға, жаңа дәрежесімен толтырылады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.
460-1-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу және олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді беру тәртібін бұзу
1. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу туралы мемлекеттік кіріс органдарын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда хабардар етпеу, сондай-ақ оларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтер беру –
қызметке тоқтата тұра отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кто онлайн