Салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі

Разместил: zhasulan1 Размещено: 28 июня 2017 16:02 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 35

Салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі

Түсіндіру жұмыстарын белсендіру мақсатында, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі - Департамент) мәжіліс залында «Салықтық тексерулерді жүргізу мақсаты мен тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.
Департаменттің Аудит басқармасының бөлім басшысы Б.Жанабаев, салықтық тексерулер жүргізу тәртібі және мерзімдерін, сондай-ақ салықтық тексерулер типтері мен түрлеріне егжей-тегжейлі тоқталып түсіндірді.
Бұдан әрі, лектор мен салық төлеушілер арасында тікелей сұрақ-жауап түрінде тәжірибедегі орын алған жағдайларға байланысты жауап беру негізінде семинар жалғасты.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан салықтық тексерулер бойынша бірнеше семинар өткізу жоспарланған. Келесі семинар 2017 жылдың 30 маусымында салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану тәртібі тақырыбында өтетін болады.

Кто онлайн