Салықтық тексерулер нәтижелеріне шағымдану тәртібі

Разместил: zhasulan1 Размещено: 30 июня 2017 16:15 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 28

Салықтық тексерулер нәтижелеріне шағымдану тәртібі

Түсіндіру жұмыстарын белсендіру мақсатында, 2017 жылдың 30 маусымында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі - Департамент) «Салықтық тексерулер нәтижелеріне шағымдану тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.
Департаменттің Аудит басқармасының бөлім басшысы М.Хамдиева салықтық тексерулер шағымдану мерзімі мен тәртібі туралы түсіндірді.
Бұдан әрі, лектор мен салық төлеушілер арасында тікелей сұрақ-жауап түрінде тәжірибедегі орын алған жағдайларға байланысты жауап беру негізінде семинар жалғасты.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан салықтық тексерулер бойынша бірнеше семинар өткізу жоспарланған. Келесі семинар 2017 жылдың 4 шілдесінде сағ.:11-00-де «салық төлеушілердің шағымдарын қарау» тақырыбында өтетін болады.
Кіру тегін.

Кто онлайн