Салықтық бақылаудың жекелеген мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулердің нәтижелері

Разместил: zhasulan1 Размещено: 20 октября 2018 16:34 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 17

Салықтық бақылаудың жекелеген мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулердің нәтижелері
    
Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаменті, 2018 жылдың басынан салықтық бақылау негізінде 134 тематикалық тексеріс жүргізді, тексеріс барысында 143 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
-    11 кассалық бақылау аппаратынсыз жұмыс атқару;
-    4 кассалық бақылау аппаратын қолдану тәртібін бұзу;
-    28 шот-фактуралық сүйемелдеусіз алкогольдік ішімдік сату;
-    78 лицензиясыз алкогольдік тауар сату;
-    3 есептік маркасыз алкогольдік ішімдік сату;
-    10 POS-терминалсыз жұмыс атқару;
-    13 салық органдарында тіркеусіз сауда жасау әрекеттері анықталды.
      Аталған тексерістер барысында сот шешімімен жыл басынан бері 35 011 шөлмек контрафакталық алкогольдік өнім 12 869 873 теңге суммасына тәркіленді.
Сонымен қатар Депрартамент салық төлеушілердің нақты табысымен шығындарын анықтау мақсатында 18 хронометраждық талдау жұмысын жүргізді. Атқарылған жұмыстар барысында 445 884,3 мың теңге соммасына қосымша есептіліктер өткізіліп, бюджетке 59 534,8 мың теңге төленді, жәнеде қосымша тапсырылған есептіліктерде жалдамалы жұмысшы сандары артып жалақы төлеу қоры 7 082,8 мың теңгеге артты, бюджетке төленген сомма 2,4 мың теңгені құрады.
    Жүргізілген хронометраждық талдау барысында салық төлеушілерге әрдайым кассалық бақылау аппаратын қолдану, негізігі табысты көрсету, жалақы төлеу қорына нақты жалдамалы жұмысша санын көрсету негзінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Мысалы:
- «З» ресторанында хронометраждық талдауға дейін күнделікті басылатын түбіртек саны 38 болса, тексерістен кейін 123 түбіртек басылатындығы анықталды.
- «Н» кондитерлік дүкенінде хронометраждық талдауға дейін күнделікті басылатын түбіртек саны 2 болса, тексерістен кейін 74 түбіртек басылатындығы анықталды.
- «К» ресторанында хронометраждық талдауға дейін күнделікті басылатын түбіртек саны 40 болса, тексерістен кейін 132 түбіртек басылатындығы анықталды.
Департамент жоғарыда аталған іс-шаралар әрдайым атқарылатындығын хабарлайды, жәнеде барлық салық төлешілерді Салық кодексінің нормаларын ерікті түрде орындауға шақырады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн