Салық төлеушілердің назарына!

Разместил: zhasulan1 Размещено: 25 января 2018 17:46 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 141

Салық төлеушілердің назарына!

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу қызмет түрлерін жүзеге асыруға жыл сайынғы лицензиялық алымға байланысты келесіні хабарлайды.
Қазақсатн Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121 «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңы негізінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Салық кодексінің 555-бабына өзгерістер енгізілді, соның негізінде жыл сайынғы лицензиялық алымды алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу қызмет түрлерін жүзеге асыруда төлемге ауыстырылды.
Алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу төлемдерін төлеушілері қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғаларға жатады.
Төлем төлеушілерді жыл сайын жеке кәсіпкермен немесе заңды тұлғаның тұрғылықты жеріне (жеке кәсіпкедің немесе заңды тұлғаның тіркелген мекен жайы бойынша) ағымдағы жылдың 25 наурыз, 25 маусым, 25 қыркүйек, 25 желтоқсаннан кешіктірілмей төленеді.
Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.
Алым әр қызмет нысанына төленіп, көтерме сатушыларға 200 АЕК-ті  ( 481 000тг.) құрайды, ал бөлшек сатушыларға әкімшілік-аумақтық бірлігіне байланысты сараланады, астанада – 100 АЕК (240 500 тг).

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн