Салық төлемдерін уақытылы төлемеген үшін мүлікке тыйым салу

Разместил: zhasulan1 Размещено: 13 июня 2017 15:21 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 30

Салық төлемдерін уақытылы төлемеген үшін

мүлікке тыйым салу

 

Берешекті өндіріп алу мақсатында Астана қ. Мемлекеттік кірістер органдарымен жыл басынан 3,5 мың шамасында сот орындарына талап арыз жіберіліп, оның жартысынан көбіне сот бұйрықтары шығарылған, бұл  бұдан әрі елден шығуға шектеу және мүлікке тыйым салуға себеп болады.

Сонымен, 2017 жылдың 16 мамырында Сарырарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен сот орындаушылары және БАҚ өкілдерімен бірлесіп InfinitiQX56 көлік құралына тыйым салынды, бюджетке төленетін берешек сомасы 2 млн.теңгені құрайды. (https://www.youtube.com/watch?v=n-DgSaMGcrU).

Мүлікке тыйым салуды болдырмау және Қазақстан Республикасы шекарасынан шығуға шектеу болмау үшін, жазғы демалыс кезеңдерін ескере отырып, салық төлемдерін уақытылы төлеуді сұраймыз және берешекті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитетінің ресми сайтында немесе Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына Республика даңғылы 52, 205 бөлмеге келу тәртібі бойынша біле аласыздар. Анықтама телефондары 77-31-42,77-32-35.

Кто онлайн