Қоғамдағы қысымға жол бермеу

Разместил: zhasulan1 Размещено: 3 марта 2018 17:42 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 68

Қоғамдағы қысымға жол бермеу

Халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, оның ішінде қысым көрсетуге жол бермеу жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Комитетінің талаптарын орындау үшін құқық қорғау органдарымен реформаларды жүзеге асыруда бағдарламалық жүйесі саласындағы жаңғыртуда құқықтық үстемдігі жөніндегі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен «Қоғамдағы қысымға жол бермеу» жобасы қолға алынған болатын.
Жоба мақсаты – қылмыстық процесті оңайлату мен жеделдетуді арттыруға, сондай-ақ азаматтардың қазіргі заманғы технологияларды енгізу жолымен қорғалуын, адамның өзін жайлы сезінуін қамтып, тергеушінің жұмысында сезіктілер мен куәлардан жауап алу процесінде мөлдір қабырғалармен қоршалып, барлық әрекеттері бейнебақылауға жазылып, сұрау барысында қысымды болдырмау мен оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сотқа дейінгі тергеуге қатысты қамауда ұсталатын адамдардың және ұсталған күдіктілердің, айыпталушыларға рұқсат етілмеген тәсілдерді қолданбауын қадағалау, қылмыстық процеске қатысушылардың Конституциялық құқықтарымен талаптарын сақтау Мемлекеттік кірістер органдарының Экономикалық тергеу қызметінің негізгі басымды бағыты болып табылады.
Осы аталған тапсырмалар мен міндеттемелерді орындау мақсатында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған жеке жауап алу бөлмелерін енгізу шараларын жүзеге асырды.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн