Қаржылық пирамидалардан сақ бол!

Разместил: zhasulan1 Размещено: 23 апреля 2018 11:25 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 43

Елорда тұрғындарының назарына!!!
Қаржылық пирамидалардан сақ бол!

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кейінгі кездері бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда қаржы пирамидалары туралы жиі жазылып жатқандарына азаматтардың назарларын аударады.
Қаржылық пирамида-бұл қандай-да бір инвестициялық жобаға халықтың қаржысын тартатын, бірақ шын мәнінде ешбір инвестициялық қызметпен айналыспайтын, жобаның қатысушыларына төлемдер жүргізуді жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаттары есебінен жүзеге асыратын ұйым.Бұл қаржылық инвестициялар нарығында алаяқтықтық әрекеттердің кең таралу түрлерінің бірі болып табылады және ел экономикасына, тұтастай  халыққа зиян келтіруі мүмкін.
Технологиялардың дамуымен қаржы пирамидаларының қызметтері Интернет желісі арқылы да жүргізіле бастады, мұнда тұрғындарға желілік маркетингтен бастап басқа адамдарды тарту есебінен табыс табуға дейінгі жеңіл табыстың түрлі тәсілдері ұсынылады.
Заңнамалармен қаржылық пирамида сызбаларын пайдалану арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды жауапкершілікке тарту қарастырылған. Мұндай қызметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің217-бабында қарастырылған құқық бұзушылық белгілеріне жатады.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 

Кто онлайн