Продление сроков представления налоговой отчетности

Разместил: aizhan_pnk Размещено: 26 июля 2018 09:14 Категория: Новости казахстанской экономики Просмотров: 53

Налогоплательщик вправе продлить срок представления налоговой отчетности при условии ее представления в электронной форме, за исключением налоговой отчетности по НДС при импорте товаров на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Евразийского экономического союза.

 

Для продления срока представления налоговой отчетности в налоговый орган по месту регистрационного учета направляется уведомление на бумажном носителе или в электронной форме до истечения срока представления налоговой отчетности.

Продление распространяется на налоговую отчетность, представляемую налогоплательщиком в течение календарного года, в котором в налоговый орган направлено уведомление на продление.

Срок представления налоговой отчетности, за исключением расчета сумм авансовых платежей по корпоративному подоходному налогу, продлевается на период:

1) не более тридцати календарных дней со срока, установленного для представления декларации по корпоративному подоходному налогу или индивидуальному подоходному налогу;

2) не более пятнадцати календарных дней со срока, установленного для представления декларации и (или) расчета по иным видам налогов, платежам в бюджет, социальным платежам;

3) не более тридцати календарных дней со срока, установленного для представления декларации по иным видам налогов, платежам в бюджет, социальным платежам для налогоплательщиков, имеющих низкий уровень рисков по системе управления рисками.

Продление не изменяет срока уплаты налогов, платежей в бюджет и социальных платежей.

Срок представления налоговой отчетности не продлевается в отношении налогоплательщика, имеющего высокий уровень рисков по системе управления рисками, за исключением индивидуального предпринимателя, применяющего специальные налоговые режимы.

 

Рамазанова С.Е.

главный специалист ДГД по СКО

 

 

Салықтық есептілікті ұсыну мерзімдерін ұзарту

 

 

Салық төлеуші Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде ҚҚС бойынша салықтық есептілікті қоспағанда, салықтық есептілікті электрондық нысанда ұсынған кезде, оны ұсыну мерзімін ұзартуға құқылы.

Салықтық есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту үшін тіркеу есебіне қойылған жері бойынша салық органына салықтық есептілікті ұсыну мерзім өткенге дейін хабарлама қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберіледі.

Мерзімді ұзарту салық органына мерзімді ұзартуға хабарлама жіберілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші ұсынатын салықтық есептілікке қолданылады.

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабын қоспағанда, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі:

1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны және (немесе)

есеп-қисапты ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын;

3) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

Мерзімді ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін өзгертпейді.

Арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге қатысты ұзартылмайды.

 

 

25 июля 2018, 16:14

Источник, интернет-ресурс:

https://www.zakon.kz/4929801-prodlenie-srokov-predstavleniya.html 


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн