Пресс-релиз «Өз берешегіңді тексер»

Разместил: zhasulan1 Размещено: 27 июля 2017 10:01 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 14

Пресс-релиз «Өз берешегіңді тексер»

 

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық міндеттемесі салық төлеушінің мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі болып табылады. Салық төлеуші салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілеріне салықтық міндеттемелерін анықтауда салықтар және басқа да бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге міндетті.

Салық төлеушінің салық берешегі сомасын төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдары сотқа жүгінеді, осы салық төлеушінің салық берешегі сот бұйрығында мүлкі есебінен талап сомаларын өндіріп алуға бағытталады.

Бүгінгі таңда, 120 мың автокөлік иелерінің Астанада көлік құралдары бойынша салығы 3 млрд. теңгеден астам берешегі анықталып отыр.

Берешекті өндіріп алу мақсатында Астана қаласының мемлекеттік кірістер органдары жыл басынан бері шамамен 5,5 мың талап арыз сотқа жіберілді, олар бойынша жартысынан астамына сот бұйрықтары шығарылған.

Мәселен, 2017 жылдың 13 шілдеде Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері және Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, Honda Accord маркалы көлік құралы сот орындаушыларымен қамауға алынған, аталған көліктің бюджет алдындағы салық берешегі бойынша сомасы 200 мың. теңгені құраған.

Мүлікке тыйым салуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға шектеулерді болдырмау үшін салық міндеттемелерін мерзімінен кешіктірмей төлеуді және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтында (электрондық сервис туралы: «Салық берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер») салықтар бойынша берешектерді өз уақытында тексеруді сұраймыз.

 

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

 

Кто онлайн