Погашение налоговой задолженности умершего физического лица

Разместил: aizhan_pnk Размещено: 8 ноября 2017 11:34 Категория: Новости казахстанской экономики Просмотров: 63

Департамент государственных доходов по Западно-Казахстанской области сообщает о порядке погашения налоговой задолженности умершего физического лица.

Согласно статье 45 Кодекса РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) налоговая задолженность, образовавшаяся на день смерти физического лица или на дату объявления его умершим на основании вступившего в силу решения суда, погашается наследником (наследниками) в пределах стоимости наследуемого имущества и пропорционально доле в наследстве на дату его получения.

Если имущество умершего физического лица, а также физического лица, объявленного умершим на основании вступившего в силу решения суда, недостаточно для погашения налоговой задолженности, то непогашенная часть налоговой задолженности списывается налоговым органом на основании решения суда о недостаточности имущества.

В случае если наследник является несовершеннолетним, то обязательство по погашению налоговой задолженности физического лица, образовавшейся на день его смерти или на дату объявления его умершим, в пределах стоимости наследуемого имущества и пропорционально доле в наследстве на дату его получения возлагается на такого наследника только на основании вступившего в силу решения суда.

Налоговая задолженность физического лица, образовавшаяся на день его смерти или на дату объявления его умершим на основании вступившего в силу решения суда, считается погашенной в случаях, если:

1) несовершеннолетний наследник освобожден от исполнения налогового обязательства по погашению такой задолженности на основании вступившего в силу решения суда;

2) отсутствует наследник.

При отмене судом решения об объявлении физического лица умершим действие ранее списанной налоговым органом налоговой задолженности возобновляется в судебном порядке независимо от срока исковой давности, установленного статьей 46 Налогового кодекса.

Вышеуказанные положение распространяются также на умерших или объявленных умершими на основании вступившего в силу решения суда индивидуального предпринимателя, частного нотариуса, частного судебного исполнителя, адвоката, профессионального медиатора.

 

 

Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу ережесі

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу жолдарын хабарлайды

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 45 бабына сәйкес жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі, сондай-ақ оны соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар өтейді.

Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.

Егер мұрагер кәмелетке толмаған болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі немесе оны қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін өтеу бойынша міндеттеме соттың күшіне енген шешімі негізінде ғана осындай мұрагерге мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар шекте жүктеледі.

Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі немесе оны соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегі, егер:

1) кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер) соттың күшіне енген шешімі негізінде осындай берешекті өтеу жөніндегі салық міндеттемесінен босатылса;

2) мұрагері (мұрагерлері) жоқ болса, өтелген болып саналады.

Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші Салық кодексінің 46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.

Жоғарыда көрсетілген ережелер қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болған деп жарияланған дара кәсіпкерге де, жекеше нотариусқа да, жеке сот орындаушысына да, адвокатқа да, кәсіби медиаторға да қолданылады.

 

 

7 ноября 2017, 12:29

Источник, интернет-ресурс: Департамента гос. доходов ЗКО

https://www.zakon.kz/4887360-pogashenie-nalogovoy-zadolzhennosti.html


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн