Оңайлатылған декларация және бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықты және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімдері өзгертілді

Разместил: zhasulan1 Размещено: 20 февраля 2018 16:33 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 104

Оңайлатылған декларация және бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықты және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімдері өзгертілді
 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні назарыңызға жеткізеді: 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, оңайлатылған декларация және бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының (ЖТС), әлеуметтік төлемдердің (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар және (немесе) аударымдар) төлеу мерзімі өзгертілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, төлем көзінен ұстап қалатын ЖТС және әлеуметтік төлемдерді ай сайын, төлем жүргізілген айдан кейінгі айдың
25-нен кешіктірмей төленуі тиіс.
Бұл ретте, төлем көзінен ұстап қалатын ЖТС-ның және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомалары оңайлатылған декларацияда (910.00 СЕН) – жарты жылда 1 рет, бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларацияда (920.00 СЕН) – жылдың қорытындысы бойынша 1 рет көрсетілуі керек.
Сонымен қатар, 2018 жыл үшін төлем көзінен ұстап қалатын ЖТС және әлеуметтік төлемдер көрсетілуі тиіс 910.00 және 920.00 салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқасын ағымдағы жылдың наурыз айында енгізу жоспарлануда. Осыған орай, бірінші жартыжылдық үшін оңайлатылған декларация жаңа нысанда ұсынылатын болады.
Қазіргі уақытта оңайлатылған декларацияда және бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларацияда аталған деректерді көрсету мүмкіндігі қарастырылмаған. Осыған орай, тарату немесе қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда, төлем көзінен ұстап қалатын ЖТС-ның және әлеуметтік төлемдердің есептелген және төленген сомалары бойынша ақпаратты декларациялардың жаңа нысандары бекітілгенге дейін 200.00 нысанындағы декларацияны тапсыру жолымен көрсету қажет.

Кто онлайн