Кедендік одақ аймағында жанама салықтарлы төлеу және олар бойынша салықтық есептіліктерді табыс ету тәртібі

Разместил: zhasulan1 Размещено: 29 ноября 2018 21:20 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 10

Кедендік одақ аймағында жанама салықтарлы төлеу және олар
бойынша салықтық есептіліктерді табыс ету тәртібі

«Астана –жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеу есебінде тұратын 145 салық төлеушінің 25 –і кәсіпкерлікпен айналысу барысында кедендік одаққа мүше елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының территориясына тауарлар әкелумен айналысу кезінде қосымша құн салығын есептеп, мемлекеттік бюджетке ұдайы төлеп отырады. Бұл салықтық міндеттемелердің салық төлеушілер тарапынан Салық кодексінің талаптарына сәйкес орындалуын «Астана – жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы қызметшілері үнемі қадағалап отырады.
Жалпы тауар импорттау кезінде Салық төлеушілер жанама салықтың бюджетке мезгілімен, толық төленуіне үнемі назар аударып отырғандары аса қажетті талаптардың бірі болып табылады.
Олар Салық кодексінің талаптарына сәйкес кедендік одаққа мүше елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының территориясына тауар импорттаған кезде міндетті түрде 320 нысан бойынша декларация тапсырулары керек және бұл декларация тауар әкелген айдан кейінгі айдың 20-шы жұлдызына дейін мемлекеттік кірістер органына табыс етіледі. Осы 320 нысан бойынша тапсырлатын декларациямен бір мезгілде салық төлеуші
328 нысанға сәйкес республика аумағына тауар әкелгені және ол тауарлар бойынша қосымша құн салығын төлегені туралы Өтініш қосымша тапсыруы қажет.
    Жоғарыда көрсетіліп отырған 320 және 328 нысандарға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылатын құжаттарды тиісті уәкілетті органдар бекітеді және оларды мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну кезінде дұрыс толтырылуына салық төлеушілердің өздері тікелей жауапты.
Егер салық төлеуші аталған құжаттарды мезгілімен тапсырмай және тиісті жанама салықты бюджетке уақытымен немесе толық төлемесе олар ҚР әкімшілік кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
    Демек әрбір салық төлеуші заң талаптарын толығымен орындап, Салық кодексіне сәйкес өз міндетемелерін толық және уақытымен атқарып отырғаы кәсіпкерлік істеріне тиімді екенін естен шығармауы керек.
   

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн