Елорданың салық төлеушілеріне жаңа Салық кодексі таныстырылды

Разместил: zhasulan1 Размещено: 14 сентября 2017 12:40 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 24

Елорданың салық төлеушілеріне жаңа Салық кодексі таныстырылды

 

 «Астана» Концерт залында (Конгресс-Холлда) «Жаңа Салық кодексінің жобасы туралы» конференция өткізілді. Ұлттық экономика вице-министрі Дәленов Руслан Ерболатұлы іс-шараны кіріспе сөзбен ашып, әрі қарай жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары туралы баяндап берді.

Вице-министрдің айтуынша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының барлық ұсыныстары негізге алынып, адал кәсіпкерлікті қорғауға бағытталған тренд қалыптасты. Ол атап өткендей, «әкімшілендіру қателікпен жүргізілмеуі тиіс, салық төлеуге көмектесу қажет. Тексерістердің бір бөлігін аутсорсингке беру қажет – бизнес бизнесті тексерсін. Қалған салықтық тексеру үш бағытты болады. Адал бөлігін тексерудің қажеті жоқ. Орта бөлігін - іріктеп тексеріс жүргізіп, салық төлеуге көмектесу қажет. Ал «қызыл» аймақтағы салық төлеушілерге бақылау орнатылады. Қай кәсіпкер қандай топқа жататынын анықтайтын нақты ережелерді орнату керек. Кәсіпкер әрқашан «жасыл» аймағында болуға ұмтылады» - деп атап өтті.

Жаңа Салық кодексінің негізгі идеологиясы барлық түсініксіз болған және дәлсіздіктер салық төлеушінің пайдасына түсіндіріледі; көптеген түзетулерді жою; бизнеске Салық кодексіндегі өзгерістерді оқып, зерттеуіне көп уақыт беру (1 шілдеден кешіктірмей түзетулер қабылдау); егер салық органдары Салық кодексін дұрыс түсіндірмесе айыппұлдар мен өсімпұлдардың күшін жою күшейтіліп, есептеуде негізділік талабын күшейтуге бағытталуы қажет.

Сондай-ақ конференцияда келесі тақырыптар талқыланды:

- Жаңа Салық кодексінде Салықтық әкімшілендіру, - жөнінде ҚР ҚМ МКК Департамент директоры Жулмуханбетов Қайрат Басгараевич баяндаушы;

- Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу - ҚР ҚМ МКК Қудабаев Шафкат Серікұлы;

- ҚҚС жетілдіру. Бақылау шоты - ҚР ҚМ МКК Маткулова Салтанат Смагуловна;

- ШОБ және АӨК салық салу - ҚР ҰЭМ департаментінің директоры Амрин Азамат Кемеңгерұлы;

- BEPS ҚР ҚМ стандарттарды енгізу туралы - ҚР ҚМ Мұқанова Мариям Султановна.

Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жекелеген өндіруші секторлар бойынша салық жеңілдіктері көзделуде.

Электрондық шот-фактура тапсыратын, салалық жүктемеден төмендетпей уақытылы салық төлейтін салық төлеушілер «жасыл» аймақта болады - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар, салықтық жеңілдіктер арқылы геологиялық барлауға инвестиция тарту көзделіп отыр.

«Тау-кен саласындағы үстеме пайда салығын алып тастау ұсынылып отыр, негізінде көмір өндірушілер ғана бұл салықты төлейді. Көмір бойынша жүктеме экспорттық рента салығына қосылатын. Үстеме пайда салығына келсек, оның инвесторлар үшін жағымсыз фактор болып отырғанын ескеріп және ол бойынша төлемнің жоқ болуына байланысты, бұл салықты алып тастау ұсынылды», - деді Дәленов.

Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушыларға табыссыз бақылау бойынша шығындарды ескеру мүмкіндігін беру ұсынылды. Бүгінде сәтті барлау мөлшері төмендеді, бұл қалыпты жағдай. Бірақ геологиялық барлауға кеткен шығындар ешқайда жатқызылмайды, себебі түскен пайда жоқ. Мұндай шығындарды басқа өндіріс келісім-шартына ауыстыру ұсынылды. Осылайша, салық төлеуші кеткен шығындарды  өтей алады, - деп нақтылады вице-министр.

«Қазақстанда ҚҚС айналасында алаяқтықты жою мақсатында бақылау ҚҚС енгізу жоспарланып отыр. Бір салық төлеушіден екіншісіне өтетін ҚҚС арнайы шотта көрінетін мүмкіндік қарастыру ұсынылып отыр. Бұл ретте, ҚҚС қайтару мерзімі де айтарлықтай қысқарады» - деп атап өтті Ұлттық экономика вице-министрі.

Әкімшілендіру мақсатында ШОБ қазіргі тәртібін сақтау ұсынылды. ҚҚС бойынша шегі сақталды (30 мың АЕК, 68 млн. теңге) (көзделді: 2018 ж. - 25 мың АЕК, 2019 ж. - 20 мың АЕК-тен, 2020 ж. - 15 мың АЕК). ШОБ үшін талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға азайтылды.

Сөз соңында Р.Дәленов, салықтық жаңалықтардың мақсаты салықтық дауларды азайту, тексерістерді азайту, әкімшілендіру жүйесін жеңілдету, несиелендіруге қолдау, ШОБ қолайлы салық тәртіптемелерін енгізу болып табылатынын жеткізді.

 

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

 

Кто онлайн