Елорданың мемлекеттік кірістер органдарында «Ашық есік күні» өтуде

Разместил: zhasulan1 Размещено: 26 июля 2018 18:45 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 20

Елорданың мемлекеттік кірістер органдарында «Ашық есік күні» өтуде

2018 жылдың 26-шілдесі күні Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуын жария ету шеңберінде салық заңнамаларын түсіндіру бойынша салық төлеушілерге арналған «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шараға барысында 101 салық төлеушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Салық төлеушілер тарапынан келесідей сұрақтар жиі қойылды:
-    Электрондық сауданың артықшылықтары және жекелеген қызмет түрлері;
-    Қосылған құн салығы бойынша салық төлеушіні тіркеу;
-    Кеден одағы елдерінен тауар алған кездегі туындайтын салықтық міндеттемелер.
Естеріңізге салсақ, әр аптаның бейсенбі күндері Астана қаласының барлық мемлекеттік кірістер органдарында тұрғылықты тіркеу мекенжайына қарамастан, салық төлеушілердің салық және кеден заңнамасы бойынша сұрақтарына кеңес алуға мүмкіндік беретін «Ашық есік күні» науақаны жүріп жатыр.
Кеңес алу үшін тұрғылықты жеріңізге жақын келесідей мекенжайларға баруға болады:
- Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Жұбанов көшесі, 16, каб.201-кабинет (конференц - зал);
- Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – Республика даңғылы 52, 1 - қабат ҚӨО;
- Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы– Қабанбай батыр даңғылы 33 үй, каб. 206.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн