Елорда салықшылары мемлекеттік қызметкерлерге 14,9 млн. теңге айыппұл салды

Разместил: zhasulan1 Размещено: 5 июля 2017 17:20 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 31

Елорда салықшылары мемлекеттік қызметкерлерге 14,9 млн. теңге
айыппұл салды

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен тексеру барысында 2016 жылдың табысы туралы декларацияны уақтылы және дұрыс ұсынбағаны үшін 132 жеке тұлға, мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары жалпы сомасы 14,9 миллион теңге болатын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Салық кодексінде дәйексіз декларациялар мен мәліметтерді толық емес немесе бермегені үшін жауапкершілік көзделген. Мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігі меншік туралы мәліметтерін дұрыс емес не толық емес декларацияларын өткізіп көрсете отырып, осыған байланысты, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 274-бабына сәйкес 50 АЕК айыппұл түрінде (113 мың 450 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Естеріңізге саламыз, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, мемлекеттік қызметшілер және олардың жұбайлары, сондай-ақ Конституциялық заңына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген жеке тұлғалар және ҚР «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыстары мен мүлігі туралы декларация ұсынылады.


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн