Бюджет түсімдерін көбейту шаралары туралы

Разместил: zhasulan1 Размещено: 30 октября 2018 09:20 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 11

Бюджет түсімдерін көбейту шаралары туралы

Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана – жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдердің көлемін ұлғайту жолында үнемі жүйелі шараларды іске асыруда.
Осындай жұмыстарды жүргізу барысында есептік жылдың қазан айында камералды бақылаудың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосымша 5,8 млрд. теңге қосыша салық түсіруге қол жеткізілді. Оның 3,8 млрд. теңгесі тазалай ақшамен төленді, ал 2 млрд. теңге салықтөлеушінің бұрын артық төлеген салық көлемін азайтуға есептелді.
Басқарма ұжымы бюджетке түсетін салықтардың қосымша көздерін іздестіру бағытында алға қойған кешенді шараларды жүзеге асыру үстінде.

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн