Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы оқуға шақырады

Разместил: zhasulan1 Размещено: 20 июня 2017 17:53 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 27

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы оқуға шақырады


10-30 шілде аралығында Академияда магистратура мен  PhD докторантураға  оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады.
Қабылдау емтихандары 10-20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау 25 тамызға дейін өткізіледі.
Академияда оқу процесі «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша магистратурада 2 жыл оқыту мерзімімен, және PhD докторантурада 3 жыл оқыту мерзімімен жүзеге асырылады.
Білім беру бағдарламалары мемлекеттік және орыс тілдерінде іске асырылады.
Магистратураға жоғары білімі және құқық қорғау қызметінде бір жылдан кем емес өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.
PhD докторантураға түсу үшін «магистр» академиялық дәрежесі және құқық қорғау қызметінде 3 жылдан кем емес өтілі болуы тиіс.
Академияда білім алу келесі мүмкіндіктерге жол ашады:
    сапалы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу;
    білім беру жобалары аясында шетел тағлымдамадан өту;
    тыңдаушылардың мәдени, спорттық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру;
    басқа қалалардан келушілерге жатақхананың берілуі;
    лауазым бойынша қызметақының 70% мөлшеріндегі және сыныптық шен мен арнайы атақ үшін қосымша төлем мөлшеріндегі стипендия.
Магистратура және PhD докторантураға оқуға түсуге ниет білдірген кандидаттарға Академияның  web – ресурстарында орналыстырылған сауалнаманы толтыру қажет. Толтырылған және үміткердің қолымен расталған сканерлеуден өткізілген анықтаманы 7171330@prokuror.kz мекен жайы бойынша электрондық поштаға жіберу қажет.
Білім беру мекемесіне оқуға қабылдау, құжаттарды тапсыру және қабылдау емтихандары туралы толық мәліметтермен academygp.kz. Академияның  web-сайтында танысуды ұсынамыз.

Кеңес алу үшін телефон нөмірлері (9.00-ден 19.00-ға дейін):
+7-777-810-97-28,
+7-777-222-85-72


Кто онлайн