Бақылау-кассалық аппаратын орнатуды естен шығарма!

Разместил: zhasulan1 Размещено: 20 июля 2018 19:14 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 56

Бақылау-кассалық аппаратын орнатуды естен шығарма!

Елімізде биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 167 бабы 1 тармағына сәйкес салық органдарына тіркеу есебіне тек деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық аппараттарын қою міндеттелді.
Бұл бизнестің ашықтығын, азаматтар құқығының бұзылмауын қамтамасыз ететін ерекше жаңалыққа айналды.
Қазір осы өзгерістер бүкіл еліміз бойынша өзінің тиімді нәтежиелерін де бере бастады. Мысалы үшін Астана қаласында осы жылдың 1 қаңтары мен 1 шілдесі аралығында 5 034 бақылау-кассалық аппараты анықталған.
Алайда заңды бұзып, кассалық-аппарат орнатудың орнына, жасырын жұмыс істеп келген нысандар да жеткілікті. Сондықтан да құзырлы органдар жыл басынан бері 130 тексеру өткізіп үлгерді. Бұл өте ауқымды жұмыс. Жартыжылдықта 139 салық заңын өрескел бұзған тұлға белгілі болды. Мәселен салық төлеушілердің кейбіреуі төлем чектерін әрбір тұтынушыға беруге міндетті. Сондықтан тұтынушылар да кез-келген тауарға чек талап етуі тиіс. Бұл да нарықтағы жүйені реттеуге көп көмегін тигізеді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын ашық сауда базарларының аумағында стационарлық емес нысандарда жұмыс жасайтын кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарын қолдануға  міндеттеледі. Ал 2020 жылдан бастап патент шеңберінде жұмыс істейтін салық төлеушілерге бақылау-кассалық машиналарын қолдану қажет.
Ал заңды белшесінен басып, талаптарды орындаудан бас тартқандар мемлекет тарапынан белгіленген тиісті жазаға тартылады. Ең алдымен ескерту жасалып, әкімшілік жауапқа тарту көзделген. Бір жылдың ішінде әрекет қайтадан қайталанса айыппұл төлеуі тиіс.
Айыппұлдың мөлшері: жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 15-айлық есептік көрсеткіш; - орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 30 айлық есептік көрсеткіш; ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 50 айлық есептік көрсеткігш көлемінде айыппұл салынады.
Сондықтан заңды бұзбай, ашық жұмыс істеген кәсіпкердің табысы өз қалтасында қалады. Ал Салық төлемеу заңмен қудаланатынын естен шығармау қажет. Сондықтан салық төлеуші бақылау-кассалық аппаратты қолдануды ешқашан естен шығармағаны дұрыс!
 
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн