Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және жеке сот орындаушылар мәжбүрлі түрде салық берешектерін өндіріп алу бойынша біріккен Акцияны бастайды

Разместил: zhasulan1 Размещено: 19 октября 2018 12:06 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 17

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және жеке сот орындаушылар мәжбүрлі түрде салық берешектерін өндіріп алу бойынша біріккен Акцияны бастайды

2018 жылдың 16 қазанында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (МКД) жеке сот орындаушылары, МКД Басқармаларының басшылары және берешектерді өндіріп алу сұрақтарына жауапты аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының орынбасарларымен  кеңес өткізілді.
МКД-нің басшысы Б. Айнабеков, кеңестің ашылуы барысында бүгінгі күні қолданылып жатқан шараларға қарамастан, 176 420 салық төлеушінің жеке меншік салықтары бойынша (мүлік, жер, көлік) қарыздары 2,5 млрд.теңге құрайтынын атап өтті, оның ішінде 1,9 млрд.теңге, немесе 73,4% құрайтын берешек көлік салығы бойынша.
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы И.Ажгожина кеңеске қатысушыларға жеке тұлғалардың салық берешегінің жай - күйі туралы статистиканы жеткізді. Бүгінгі күнге 37 160 салық төлеушілерге 2,2 млрд.теңге мөлшерінде жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар таратылған және 33 602 салық төлеушілерге 1,7 млрд.теңге көлемінде салық бұйрықтарды тапсырылған. Сонымен қатар, 18 651 салық төлеушілердің 1,4 млрд.теңгеге салық бұйрықтары жеке сот орындаушыларына (ЖСО) орындау үшін жіберілген, оның ішінде 4 996 салық төлеушілерге 266,6 млн.теңгеге ЖСО қаулысы шығарылған.
Кездесу қорытындысы бойынша ЖСО  атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы шығарылған Қаулылар бойынша көзделген шараларды қабылдау жолымен жеке тұлғалардан салық берешегін өндіріп алуға бағытталған бірлескен акция өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте Акция өткізу барысында жеке тұлғалардың берешек сомалары өтелгенге дейін ең бір тиімді шара - автокөліктерді айыппұл тұрақтарына қою шарасын қолдану  ұсынылды.
Осылайша, МКД салық берешегі бар жеке тұлғалардың назарына мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды күтпестен, оны шұғыл тәртіппен өтеуді жеткізеді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн