2018 жылғы 26 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті

Разместил: zhasulan1 Размещено: 27 сентября 2018 15:58 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 10

2018 жылғы 26 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті

   26 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің кезекті отырысы болып өтті .
Отырысқа Астана қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасының, қаланың бизнес қауымдастығының өкілдері, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде "әдейі банкроттық, салық төлеуден жалтару тәсілдері, нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беру"мәселесі қаралды.
Экономикалық тергеу қызметі салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының бөлім басшысы О. С. Сүлейменов өз сөзінде ҚР ҚК 216-бабы "іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау", ҚР ҚК 245-бабы "ұйымдардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару", сондай-ақ 238-бабы "әдейі банкроттық" бойынша келесі себептер бойынша құқық бұзушылықтардың:
1) шегерімдерді (шығыстарды) арттыруда және ҚҚС бойынша есепке жатқызуларды ұлғайтуда "қажеттілікті сезінетін" жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлеуден жалтаруы жөніндегі схемалар әртүрлі түрде, оның ішінде жалған шот-фактураларды пайдалана отырып құрылуы мүмкін.
2) тергеу-жедел практикасы, сондай-ақ іс жүргізумен аяқталған істерді талдау кінәлі адамдардың аталған іс-әрекеттерді жиынтығында жасайтынын көрсетті. Осылайша, заңды тұлғалардың басшылары салықты төлемеу заңсыз тәсілдерін қасақана іздей отырып, көбінесе шот-фактураларды шығарумен айналысатын тұлғалардың қызметтеріне жүгінеді. Бұл ретте кейіннен салық төлеуден жалтаруға бағытталған іс-әрекеттерде ойлап табыла отырып, салық қызметінің салықтарды қосымша есептеу туралы хабарламасын алып, қасақана және жалған банкроттық жолымен заңды тұлғаны таратуға бағытталған өзінің заңсыз іс-әрекеттерін жалғастырады.
Сондай-ақ Консультативтік кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен проблемалық мәселелері тыңдалды.


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн