2018 жылдың бастап салық және кедендік төлемдер бойынша БСАЖ АЖ мен АСТАНА-1 АЖ интеграциялау арқылы бірыңғай дербес шот енгізу механизмі басталуы жоспарланып отыр

Разместил: zhasulan1 Размещено: 27 декабря 2017 13:02 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 153

2018 жылдың бастап салық және кедендік төлемдер бойынша БСАЖ АЖ мен АСТАНА-1 АЖ интеграциялау арқылы бірыңғай дербес шот енгізу механизмі басталуы жоспарланып отыр

 

Қазақстан Республикасының Президентінің «5 институционалдық реформалар бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасының кедендік және салықтық жүйелерді біріктіру туралы 39 қадамын жүзеге асыру аясында, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық және кедендік төлемдер бойынша БСАЖ АЖ мен АСТАНА-1 АЖ интеграциялау арқылы бірыңғай дербес шот енгізу механизмі басталуы жоспарланып отыр.

БСАЖ АЖ бірыңғай дербес шот жасау тұжырымдамасына сәйкес мыналар көзделген:

- «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасының 93-бабына сәйкес пайыздарды ескере отырып, БСАЖ АЖ-де КТжС-дын БСК бойынша жеке шоттарын ашу және жүргізу.

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің АЖ-нен және төлем шлюзі арқылы екінші деңгейдегі банктердің АЖ-нен нақты уақыт режимінде (24/7/365) төленген КТжС туралы ақпарат алу.

- Тауар туралы декларация (ТД) бойынша есептеулерді, тауар декларацияны түзету (ТДТ), мерзімін ұзарту / кейінге қалдыру, кедендік бақылау актілері, алдын ала шешім бойынша, кедендік қолдау бойынша АСТАНА-1 АЖ- нен қабылдау. ТД және ТДТ есептелген сомаларды жіберу «Декларант» 14 бағанынан жасалады.

- Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардын (СЭҚҚ) өтініштерінсіз КТжС БСК бойынша артық төленген сомалардан автотасымалдауды жүргізу, негіз (өтінім) - тіркелген ТД болып табылады.

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) жобасының 98-бабына сәйкес салыстырмалы актісін алып тастау, кеден және салық төлемдерін ескере отырып, біріңғай есепті нысан (берешегі туралы ақпарат, дербес шотынан үзінді көшірме) қалыптастыру.

- Кодекстің 94-бабына сәйкес салық төлеушінің тіркелген орны бойынша есебін жүргізуді, оған сәйкес төлем құжаттарында салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органының деректемелерін көрсете отырып КТжС төленеді. Осы талаптар ОБДШ АЖ-де салық төлеушінің тіркеу деректеріне сәйкес төлемдер мен есепке жазуды автоматты түрде тарату іске асырылған.

- Бейрезидент КТжС төлеуді АСТАНА-1 АЖ алдағы уақытта дербес шоттарды ашу және жүргізумен АСТАНА-1 АЖ берілген бірегей сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша жүргізуі қажет. АСТАНА-1 АЖ бейрезиденттен төлемдерді қабылдауды берілген БСН-мен ОБДШ АЖ-нен жүзеге асыратын болады. Шетелдердің тәжірибесі бойынша бейреззидент жеке тұлға АСТАНА-1 АЖ-де тіркелуі тиіс және берілген БСН көрсетілген құжатты алады. БСН 12 цифрлы комбинациядан және үш бөліктен тұрады.

- бірінші бөлім-9999 цифрынан тұрады (төрт тоғыз);

- екінші бөлім- 2 әріптен тұрады, елдің коды көрсетіледі (АСТАНА-1 АЖ -дегі анықтамаға сәйкес);

-үшінші бөлім- 6 саннан тұрады, резидент еместің тіркелуінің реттік нөмірі қосылған.

АСТАНА-1 АЖ-мен берілген төлем құжатында БСН «Төлемнің белгіленуі» бағанында  бланктің жоғарғы басында көрсетілуі тиіс.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

 

Кто онлайн