2018 жылдың 1 тоқсанында астананың Мемлекеттік бюджеті 103,4% орындалды

Разместил: zhasulan1 Размещено: 18 апреля 2018 16:33 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 80

 «2018 жылдың 1 тоқсанында астананың Мемлекеттік бюджеті 103,4% орындалды»
       
Елорданың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң динамикасы және салықтық әкімшілендірудің  жаңа тәсілдері мемлекеттік бюджеттің өсу қарқынын қамтамасыз етуде астананың үздіктер қатарынан көрінуіне алып келеді.
2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша болжам 7,4 млрд.теңгеден (103,4%) аса орындалды немесе 227,2 млрд.теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 175,6 млрд.теңге түсті (100,7%), жергілікті бюджетке 51,6 млрд.теңге түсімі қамтамасыз етілді немесе болжам 6,2 млрд.теңгеден (113,8%) аса орындалды.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер астанамыздың экономикалық өсуі үшін мемлекеттік кірістердің түсімін арттыруға және Астана қаласының көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға тиімді, әрі кешенді жасалынған шаралардың нәтижесі болып табылады.


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн