2017 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді

Разместил: zhasulan1 Размещено: 21 декабря 2017 17:56 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 17

2017 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді. 

 

Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталған бұл рәсімге  Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ж.Р.Ахметов, Департамент басшысының орынбасарлары Қ.К.Жұмағұлов пен Д.Д.Алиев, Департаменттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеубай Елемесович Данабеков және Департаменттің жеке құрамы қатысты. Департаментте мұндай шаралар жиі өткізіледі. Себебі жаңадан қызметке қабылданып, ұлы мақсаттармен қанаттанып келген жас мамандардың Департамент басшылығы алдында ант қабылдауы үлкен жауапкершілікті сезіндіреді және де қызметіне адал болуына септігін тигізеді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Е.Данабеков болашақ мемлекеттік қызметшілерге сәт сапар тілеп, биік белестерден көрініп, Отанына адал қызмет ететін азамат болып шығуларына тілек білдірді. 

Мерекелік іс-шара патриоттық рухта орындалған шағын концерттік бағдарламаға ұласты.

   

Кто онлайн