«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді!

Разместил: zhasulan1 Размещено: 13 июня 2017 15:11 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 49

2017 жылдың 9 маусымында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді. Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады. Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

Бұл жолы бала күтімі демалысындағы – Абдрахманова Гүлден жеңді,.

Екінші науқан жеңімпазы Астана қаласының тұрғыны - Рахметулин Райхан бу үтігін үйіне әкетті.

Миксер үшінші жеңімпазға Атимбекова Жаннаға бұйырды.

Науқанға белсенді қатысқаны үшін Кулетеева Абзалға шаш кептіргіш сыйлығы берілді, белсенді қатысушы осы айда көп түбіртектерді жинаған.

Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды Түбіртектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

Ай сайын Департаментте жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. Финалдық ұтыс жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Ұтыс жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп түбіртек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты арта түседі. Қайталанып жіберілген түбіртектер ұтысқа қатыспайды.

 

Кто онлайн