«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Разместил: zhasulan1 Размещено: 8 августа 2018 15:29 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 11

«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының
жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2018 жылдың 7 тамызында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының шілде айының кезекті жеңімпаздары анықталды. Электрондық сандардық айналымы негізінде үш жеңімпаз анықталды.
Науқанның жеңімпаздары:
1 орын - Берикболды Назым ID 6352425 чекпен 15.07.2018 жылғы;
2 орын - Алтынбек ID 6543726 чекпен 31.07.2018 жылғы;
3 орын - Жанат ID 6351669 чекпен 15.07.2018 жылғы.
Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.
Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.
Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн