«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының кезекті жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Разместил: zhasulan1 Размещено: 10 октября 2017 16:23 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 21

«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының кезекті жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

2017 жылдың 6 қазанында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының қыркүйек айының кезекті жеңімпаздары анықталды. Электрондық сандардың айналымы негізінде үш жеңімпаз анықталды.

Науқанның жеңімпаздары:

1 орын- Альмира ID 4862430 чекпен 04.09.2017 жылғы;

2 орын- Dana ID 5070779 чекпен 24.09.2017 жылғы;

3 орын - Аскат ID 4974993 чекпен 15.09.2017 жылғы.

Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.

Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.

Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

 

Кто онлайн