«Астана жаңа-қала» арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметiн жүзеге асыратын қатысушыларға салық салу»

Разместил: zhasulan1 Размещено: 21 июля 2017 18:20 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 103

«Астана  жаңа-қала» арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметiн жүзеге асыратын қатысушыларға салық салу»

 

Қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын қатысушыларға салық салу Қазақстан Республикасының  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (ары – қарай – Салық кодексі) 151-1 бабымен реттеледі. 

Салық кодексінің 150 бабы 1 тармағына сәйкес қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын қатысушыларға жататын заңды тұлғалар  белгілі бір шартарға, оның ішінде келесілерге сәйкес болуға тиісті:

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, - заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса.

«Астана жаңа-қала» арнайы экономикалық аймағындағы қызметтердің басым бағыттар тізімі Қазақстан Республикасы Өкіметінің 20 қаңтар 2017 жылғы № 10 қаулысымен бекітілген. 

Осыған орай, «Астана жаңа-қала» арнайы экономикалық аймағындағы қызмет атқаратын қатысушыларға қелесі жеңілдіктер қарастырылған:

 жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

 уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ "Астана – жаңақала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

 мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады;

 Салық кодексінің 139 бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының (Салық кодексінің  151-1 бабы 1 тармағы 4,5 тармақшаларында көрсетілген қызметтен басқалар) соммасы 100 паыйзға кемітіледі. 

Сонымен қатар, Салық кодексінің  151-1 бабына сәйкес  басым бағыттағы қызметердің бірнеше түрімен айналысқан жағдайда, бұндай қатысушы корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында бөлек есепке алуды жүргізеді.

  

«Астана-жаңа қала» МКБ бас маманы Ильдыбаева Б.С.

 

Кто онлайн