Электронды қызмет көрсетулер

Разместил: zhasulan1 Размещено: 30 октября 2018 12:03 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 22

Электронды  қызмет көрсетулер

«Салық төлеушінің кабинеті»  арқылы декларацияның электронды түрін тапсырудың тиімділігі ол - компьютер арқылы кезкелген уақытта салық органына бармай-ақ декларацияны тапсырудың керемет мүмкіндігі, оған қоса қағаз түрінде қайталаудың болмауы, салықтық бланкілерінің уақытында жаңартылып отыруы, құжаттардың дұрыстығына кепілдік.
«Салық төлеушінің кабинеті»  тұрақты жаңартылып, өңделіп отырады.
«Салық төлеушінің кабинеті»  ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау арқылы сіз  көптеген онлайн-қызметтердің түрлерін ала аласыз, атап айтатын болсақ:
жеке кәсіпкерлер және заңды  тұлғалар тіркеу мәліметтерін көре алу, жеке шоттар деректерін қарау,  салық есептілігін уақытша тоқтата тұруға немесе ұзартуға, қайта бастауға, салық есептілігін қайтарып алуға, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді, салық режимін таңдауға болады және таратылуға байланысты құжаттық тексерудің жүргізілгендігі туралы ақпараттарды алуға болады. ҚР БСАЖ және БХМ-ден хабарлама алу, салықтық хабарламаларды автоматты түрде қабылдау механизімі жүзеге асырылған; салық төлеушіде тіркелген салық төленетін обьектілері туралы мәлімет алу; пластикалық картаңыз болған жағдайда бюджетке салық төлеу және басқа да міндетті төлемдерді жүргізе алу; заңды тұлғаның тіркеу мәліметтеріне өзгерістер енгізе алу және т.б қызметтер.
   «Салық төлеушінің кабинетінде» жұмыс жасау   үшін электронды кілтіңіз болу керек, сіз онымен электронды қызмет түрін пайдалану мүмкіндігіне ие боласыз. Ол үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша мемлекеттік кірістер органына электронды салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салық өтінішін тапсыру қажет. Өтініштің негізінде салық органы сізді электронды салық төлеуші ретінде тіркеп, электронды құжат алмасуда электрондық цифрлық қолтаңбаны мойындау және қолдануға келісім жасалады және электронды цифрлық қолтаңба үшін электронды ақпарат сақтаушы құралда (flash carte) жазылған криптографикалық кілт ұсынады.


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн