Тастанова Раушан Әуесбайқызының!!!

Разместил: nariman Размещено: 20 декабря 2017 15:45 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 73

<span lang="KZ" style="font-size:14.0pt; mso-ansi-language:KZ">Раушан Әуесбайқызының құрметті демалысқа шығуымен құттықтау туралы

<span lang="KZ" style="font-size:14.0pt;mso-ansi-language: KZ">     Шу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Тастанова Раушан Әуесбайқызын құрметті демалысқа шыққан қуанышты күнімен шың жүректен құттықтаймыз! Жасаған еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай  немере сүйіп аяулы апа деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын! Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, ұлыныздың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз! Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын-туыстың құрметіне, ұлыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.

Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз.

Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…
Жаратқанның нұры сізде көктеген.
Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,
Көңіл деген көркем кейіп көк дөнен.

Зейнет жас та құтты болсын, Апайым,
Мына өмірде көрдің қиын талайын.
Қиын белдер артта қалып бақ келсін,
Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

 

<span style="font-size:14.0pt;line-height:115%;font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-theme-font:minor-latin;mso-fareast-font-family:Calibri;mso-fareast-theme-font: minor-latin;mso-hansi-theme-font:minor-latin;mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;mso-ansi-language:RU;mso-fareast-language:EN-US; mso-bidi-language:AR-SA">Изгі тілекпен: Шу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы!


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн