Сыбайлас жемқорлық қоғамдық мәселесі

Разместил: zhasulan1 Размещено: 23 февраля 2018 19:37 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 221

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық мәселесі

Кез келген  мемлекеттің  ең  жаһандық мәселесі –жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде өмір сүреді және барлық елдер дерлік жаңа қауіп- қаберлерге қарсы сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдерді қарастыруда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатайту туралы жаңа заңдар мен нормативтік актілер қабылдайды.
Қазақстан жемқорлыққа қарсы іс-әрекет деңгейінде  ТМД  елдерінің жетекші позицияларының бірі болып табылады. Қазақстанда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң  қабылданды және қолданыста. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес агентігі әрі қарай Қаржы полиция органы құрылды. Елімізде «Нұр Отан» саяси компаниясы Экономикалық зерттеу қызметі мен бірге парақорлықпен күресуде. Бүгінгі таңда, Президент жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес жөніндегі Комиссия құрылды.
Қазақстан Республикасының  Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқан сөздері қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңе алмайтындығын бірнеше рет атап отті, ал Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру  мемлекет саясатының негізігі бағыттарының  бірі болып табылады.
Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі барынша тиімді жұмыс істейді деп айтуға болмайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық статистикасы теріс қалып отыр. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президенті алдына қойған маңызды міндеттердің бірі-экономиканың әр түрлі салаларын, мемлекеттік басқаруды қоса алғанда, құқық қорғау қызметін қоса реттейтін заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Заңсыз инвентаризация».
Осыған байланысты, 2017 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жаңа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын мақұлдады. Страгеияның мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісімен жемқорлықтың төмендеуі үшін «нолдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту. Болашаққа деген  басты үміт біздің –жастар. Мен жастардың алған білімі оларға өмірде сыбайлас жемқорлық көрінісімен байланыспауға көмектесетініне сенгім келеді.

                                                       
                                                        Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
                                                        басқармасының өндірістік емес төлемдер
                                                        бөлімінің бас маманы Ж.Т.Бокаева


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн