Субсидиарлық жауапкершілікке тартылу

Разместил: zhasulan1 Размещено: 30 октября 2018 15:14 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 30

Субсидиарлық жауапкершілікке тартылу

"Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурызындағы Қазақстан Республикасы Заңы борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамдары субсидиарлық жауапкершілікке тартылуы мүмкіндігін қарастырады.
ҚР АК 44 баб 3 тармағына сәйкес егер банкроттық заңды тұлғаның іс- әрекетінен  туындаған оның құрылтайшысының немесе оның мүлкінің меншік иесінің, заңды тұлғаларда қаражат жекіліксіз болған жағдайда құрылтайшысы немесе мүлкінің меншік иесі несие берушілер алдында субсидиарлық жауапкершілікке тартылады.
Тұтастай алғанда азаматтық құқық ғылымында субсидиарлық жауапкершілік азаматтық құқық түрі, санкцияларда айтылғандай құқық бұзушылық үшін субъективті азаматтық құқықтарынан айыру, жаңа жүктеу немесе қосымша азаматтық құқықтың міндеттері деп түсіндіріледі. ҚР АК субсидиарлық жауапкершілік жәбірленуші алдында қосымша борышкер негізгі борышкер несие берушінің қалауын орындамаған кезде немесе несие беруші одан көрсетілген мерзімде ұсыныс бойынша талаптар орындамлмаған кезде деп түсіндірілерді.
Сонымен қатар борышкердің міндеті талаптарға сәйкес 11 бабының 2 тармағы 3) тармақшасына сәйкес ҚР заңы «Оңалту және банкроттық туралы» борышкер өзінің төлем қабілетсіздігі және банкротқа ұшырағаны жайлы білгенде 6 айдың ішінде сотқа жүгінуі тиіс. Егер бұл баптың талаптарын орындамаған жағдайда басшы немесе құрылтайшы борышкерді субсидиарлық жауапкершілікке тартады. Басқа да  6 баптың 1 тармағына сәйкес «Оңалту және банкроттық туралы» құрылтайшы және борышкердің лауазымды тұлғалары несие берушілердің алдында дәрменсіз борышкерге тиісті мүлікті әдейі  банкрот десе субсидиарлық жауапкершілікке тартылады.
Бұл жағдайда мәселе сол немесе өзге адамдардың іс-әрекеттерін әдейі немесе жалған банкроттық белгілерін анықтау туралы. Бұндай жағдайда банкроттық басқарушы құқық қорғау органдарына ЖШС-нің қылмыстық жазаланған іс-әрекеттері туралы арыз жазу керек.
    Бұл жауапкершілік нысанын азаматтық айналымның компенсациялық сипаты және несие берушінің мүдделерін қорғауға бағытталған.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн