Салықтық міндеттеменің тоқтатылуы туралы

Разместил: zhasulan1 Размещено: 22 января 2018 09:36 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 159

Салықтық міндеттеменің тоқтатылуы туралы
 


Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салықтық міндеттеменің тоқтатылу жағдайы нақты көрсетілген. Осыған орай салық төлеушілер өз міндеттемелерін тоқтату туралы шешім қабылданған кезде арнайы баптарда көрсетілген нормаларды негізге алулары керек.
Атап айтқанда жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелері келесі жағдайларда тоқтатылады:
-жеке тұлға қайтыс болғанда;
-соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде ол қайтыс болды деп
 жарияланған жағдайда тоқтатылады.
            Дара кәсіпкердің салықтық міндеттемесі дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.
         Заңды тұлғаның салықтық міндеттемесі:
          -ол таратылғаннан кейін;
          -қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен ол қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.
       
           «Астана – жаңа қала» МКБ


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн