Салықтық есепке алу қағидалары

Разместил: zhasulan1 Размещено: 20 апреля 2018 17:02 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 208

Салықтық есепке алу қағидалары

Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды жүргізуді салықтық заңнамалармен белгіленген тәртіппен және шарттарға сәйкес есепке жазу әдісі бойынша теңгемен жүзеге асырады.
Есепке жазу әдісі  операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген күннен бастап емес, олардың жасалу фактісі бойынша, оның ішінде мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында жұмыстар орындалған, қызметтер ұсынылған, тауарлар сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген тұлғасына тиеп-жөнелтілген және берілген күннен бастап танылатын есепке алу әдісі болып табылады.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындайды және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептейді.
Салық салу мақсатында бағамдық айырманы есепке алу, оның ішінде бағамдық айырма сомасын айқындау халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Запастарды есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте салық салу мақсатында запастардың құны – сатудың ықтимал таза бағасына дейін есептен шығару және сатудың ықтимал таза бағасының ұлғаюынан туындаған, бұрын есептен шығару жүргізілген запастарға қатысты қалпына келтіру арқылы запастар құнының өзгеруін есепке алмай айқындалады.

«Астана – жаңа қала» МКБ


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн