Салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл

Разместил: zhasulan1 Размещено: 25 апреля 2018 15:22 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 372

Салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI  Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 117 бабына сәйкес төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасының есебіне жазылатын мөлшер өсiмпұл болып танылады.
        Дербес шоттардағы өсімақы салық міндеттерін белгіленген мерзімдерде атқармағаны үшін есептеледі. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан өсiмпұл сомасы есепке жазылып, төленедi.
        Өсімпұл салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, оның ішінде солар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.
        Салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады. Салық төлеушіге қатысты "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған жағдайда, салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген кезде өсімпұл есепке жазылмайды.
Өсімпұл есепке жазылмайды:
- егер салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасының түзілуінің бiрден-бiр себебi қызмет көрсететiн екінші деңгейдегі банктің таратылуы болып табылса, мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиторларына – соттың екінші деңгейдегі банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешiмі заңды  күшiне енген күннен бастап;
- соттың жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы шешімі күшіне енген кезде – жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сотқа талап арыз берілген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейiн; 
- соттың жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмi күшiне енген кезде – сот шешімі күшіне енген күннен бастап оның күшi жойылғанға дейiн;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық анықталған күнтізбелік жылға дейінгі бес салықтық кезеңнің алдындағы кезең үшін үстеме пайда салығы бойынша;
- салық органдары жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығының, жер салығының және көлік құралдары салығының есептелген сомаларын тиісті салықтық кезеңде  осы салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін қайта қараған кезде;
- салық төлеушіге қатысты «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған жағдайда, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгерген кезде;
 - сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде – мұндай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
 - оңалту рәсімі қолданылған кезде – соттың мұндай рәсімді қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
- төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған кезде – сот мұндай рәсімді  қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап.
       Сонымен бірге, заңмен белгіленген кезде өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.
       Есептелген өсімақы сомасы бюджет кірісінің жіктемесімен бекітілген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің тиісті кодтарына сәйкес есептеледі.
-    соттың салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
-    соттың оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда – соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
  - салық төлеуші «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда – сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.

 


 Есеп және талдау бөлімінің
бас маманы Ж.Б.Омарова


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн