САЛЫҚТАР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ТӨЛЕМДЕРДІ ТӨЛЕУ БОЙЫНША САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ МЕРЗІМІН ӨЗГЕРТУ.

Разместил: zhasulan1 Размещено: 3 апреля 2018 19:38 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 104

САЛЫҚТАР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ТӨЛЕМДЕРДІ ТӨЛЕУ БОЙЫНША САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ МЕРЗІМІН ӨЗГЕРТУ.
 
Мемлекеттік кіріс органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің бірі Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 6 бабының ережелерінде қарастырылған  салықтар және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту болып табылады.
Салықтар және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту деп салықтық берешекті өтеу мерзімін кешірек мерзімге  ұзартуды айтады, ол айыппұл сомасына қатысты қолданылмайды.
Аталған жағдайда төлем деп: жер телімін пайдалану ақысын. Беттік су көздерінен су ресурстарын пайдалануды, қоршаған орта эмиссиясын түсінеді.
Салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мерзімін өзгерту мерзімін кейінге шегеру, салық төлеушіге есептелген салықтарды және (немесе) төлемдерді және салық органдары салықтық тексеру нәтижелері бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша есептеген төлемдерді ұсынылған салықтық есептілікке сәйкес бөліп  төлеу түрінде жүзеге асырылады.
Салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу мерзімі төленуге тиісті барлық салықтаржәне (немесе) төлемдер сомасына немесе оның қандай да бір бөлігіне қатысты өзгертіледі.
Төлем көздерінен ұстап қалатын салықтық міндеттемелерді орындау мерзімі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында импортталатын тауарларға қосылған құн салығы, акциздер бойынша және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына төленетін міндеттемелерді орындау мерзімі өзгертілмейді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында импортталатын тауарлардан басқа импортталатын тауарлар бойынша қосалқы салықтарды төлеу мерзімін өзгерту қосылған құн салығы және акциз бойынша импортталатын тауардан басқа жағдайда жүзеге асырылады.
Салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мерзімін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлік кепілдігі және (немесе) банк кепілдігі бойынша жүзеге асырылады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн