Салық кодексінің 224-2 бабының қолданылу ерекшеліктері

Разместил: zhasulan1 Размещено: 26 апреля 2018 17:07 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 311

Салық кодексінің 224-2 бабының қолданылу ерекшеліктері

«Астана-жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасының хабарлайтыны «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 244-2-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтарды (бұдан әрі – АЭА) құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды АЭА аумағына өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) салынады.
Салық кодексінің 256-бабы 1-тармағына сәйкес егер Салық кодексінің 34-тарауында өзгеше көзделмесе, бюджетке төленетін жарнаға жатқызылуға жататын салық сомасын анықтау кезінде Салық кодексінің 228-бабы             1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚҚС төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ егер осы тармақта көрсетілген шарттар орындалатын болса, ҚҚС сомаларын есепке жатқызуға құқылы.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, ҚҚС төлеуші (АЭА қатысушы) алған тауарларға төлеуге жататын ҚҚС сомаларын есепке алуға құқылы, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, Салық кодексінің 244-2-бабына сәйкес АЭА аумағына өткізілетін нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатын Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған тауарлар тізбесіне қосылған, сатып алынған тауарлар бойынша ҚҚС сомаларын қоспағанда, тауарларға төлеуге тиісті ҚҚС сомаларын есепке жатқызуға құқылы.

«Астана – жаңа қала» МКБ


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн