Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

Разместил: zhasulan1 Размещено: 7 ноября 2017 11:09 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 93

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

 

 Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. 

Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары мынадай кезде іске аспайды:

1) салық төлеушiде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi болған кезде;

2) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау - банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап;

3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану;

4) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап;

5) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді соттың бекітуі - осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайд

 

 

Есеп және талдау бөлімінің 

бас маманы Ж.Б.Омарова

 


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн