Қытай Халық Республикасы некені бұзуға кінәлі тараптың зиян келтіргені үшін шығындарды өтеу институты Divorce fault compensation system in China

Разместил: zhasulan1 Размещено: 7 ноября 2017 11:25 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 103

Қытай Халық Республикасы некені бұзуға кінәлі тараптың зиян келтіргені үшін шығындарды өтеу институты

Divorce fault compensation system in China

 

Қытай Халық Республикасы неке заңы 46-ші бабында некені бұзу кезінде некені бұзуға кінәлі тараптың зиян келтіргені үшін шығындарды өтеу нормасы бекітілген. Аталған бап бойынша шығындарды өтеуді талап ету негіздері : Некеде бола тұра қайта некелесу, зайыбы (жұбайы) бар тараптың өзге жыныстымен бірге тұруы, отбасылық күш қолдану, жәбір көрсету немесе отбасы мүшелерін тастап кету. 

ҚХР неке туралы заңында да Қазақстан Республикасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңы сияқты некені бұзудың екі түрлі жолы қарастырылған. Олар: келісім арқылы нақтырақ айтқанда тіркеу органдары арқылы және сот шешімі арқылы некені бұзу. Бірақ ҚХР неке туралы заңнамасы, ерлі-зайыптылардың тіркеу органдары арқылы некені бұзуы тиісті тараптың зиян келтіргені үшін шығындарды өтеуді талап ету құқығынан айырмайды. ҚХР кейбір мәселелер жөнінде түсініктеме деп аталатын, «ҚХР жоғарғы сотының №2-ші ресми түсініктемесі» 27-ші бабында «Тараптар тіркеу органында некені бұзғаннан кейін, неке туралы заңның 46-ші бабы бойынша зиян келтіргені үшін шығындарды өтеу туралы талап бойынша сотқа өтініш бере алады» деп бекітілген. Сондай-ақ аталған бапта «Тараптар тіркеу органы арқылы некені бұзу келісімінде осындай талаптан бас тарту туралы нақты келісімге келген немесе некені бұзған мерзім 1жылдан асып кетсе сот аталған өтінішті қарастырмайды» деп бекіткен. 

Қытай заңгерлері некені бұзған кезде зиян келтіргені үшін шығындарды өтеуді талап ету институтының қолдану аясының тарлығы мәселесін айтуда. ҚХР неке туралы заңы 46 бабына сайкес жоғарыда аталған төрт түрлі әрекеттері үшін ғана тиісті тарап шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Ал іс жүзінде одан өзгеде де ерлі-зайыптының біреуінің кінәсінен некенің бұзылуына әкеп соғатын фактілер жиі кездеседі. Атап айтқанда құмар ойынына берілу, ұдайы есіріткі қабылдау,тәнін сату т.б. сияты әрекеттер де жұбайына материалдық және материалдық емес зиян әкелуі сөзсіз. Ал қазіргі заң бойынша аталған әрекеттер кесірінен некедегі зардап шеккен тараптың құқығы қорғалмай отыр. 

Ал біздің заңнамасындағы аталған институтқа келсек : Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІV Кодексі 28-ші бапы «Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп танудың салдары» деп аталады. Аталған баптың 4-ші тармағының 2-ші бөлігі «Адал ниетті жұбай Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес екінші жұбайдан өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы» деп көрсетілген. Демек біздің заңнама бойынша тек қана сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таныған жағдайда ғана адал ниетті жұбай өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы, ал некені бұзу кезінде адал ниетті жұбайдың зиянды өтеуді талап ету құқығы қарастырылмаған.

Демек, дәл қазіргі біздің заңнама бойынша моральдық нормаларға қайшы әрекеттерінің кесірінен отбасын бұзған тарапқа заңдық тұрғыдан ешқандай шара қолдану мүмкіндігі жоқ. 

Заманданудың кері әсерінің көрінісі ретінде, біздің елдеде отбасындағы жоғарыда аталған келеңсіз жәйіттердің өсіп бара жатқаны баршамызға аян. Еліміздің Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңына «адал ниетті жұбайдің некені бұзу кезінде зиянды өтеуді талап ету құқықғы» нормасын енгізу адал ниетті жұбайді заңдық қорғау және кінәлі тарапқа заңдық тұрғыда шара қолдануға мүмкіндік беру арқылы отбасы тұрақтылығына оң әсерін тиігізеді деп есептеймін. 

 

Nazigul Maksutkan 

Shanghai jiao tong university 

Мақсұтқан Нәзигүл 

Магистр 

 


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн