Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу

Разместил: zhasulan1 Размещено: 28 июня 2018 11:45 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 80

Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу

Салық төлеушілер заңнамада белгіленген тәртіппен ең төменгі айналым мөлшерінен асып түскен жағдайда қосылған құн салығы бойынша  міндетті түрде тіркелуге тиіс.
Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 мың еселенген мөлшерін құрайды.
Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:
1.    бейрезидент солар арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер, - әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күнінен бастап;
2.    салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар, - салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;
3.    ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған салық төлеушiлер - салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған күннен кейiнгi күннен бастап;
4.    басқа салық төлеушілер - ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.
          Егер айналымның мөлшері ең төменгі айналым мөлшерінен асып түскен жағдайда он жұмыс күнінен кешіктірмей салықтық өтінішті беруге міндетті.
     Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұру үшін  салық өтінішін беруге міндетті.
Салық өтініші тек қана бірінші басшымен, жеке кәсіпкермен беріледі. мынадай тәсілдердің бірімен:
1. өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште;
2. электрондық нысанда;
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде                 резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.
       Көрсетілген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұру туралы салық өтінішін берген күннен бастап ҚҚС төлеуші болып табылады.
Салық органы салықтық өтінішті берген күннен бастап бір күн ішінде салық төлеушіні құн салығы бойынша тіркейді.
       Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы салық төлеушіге бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.
       Салық төлеуші  салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған жағдайда,  салық органы  салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 82-бабының             1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:
1. өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште;
2. электрондық нысанда;
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.

«Астана-жаңа қала» МКБ бас маманы Н.Санатова


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн