Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрудағы өзгерістер

Разместил: zhasulan1 Размещено: 1 февраля 2018 16:05 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 212

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрудағы өзгерістер

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа өзгерісті қарастыратын яғни адал салық төлеушілердің құқығын қорғау және әр түрлі экономикалық секторды ынталандыруға, сонымен қатар әкімшілік жеңілдіктерге бағытталған Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексі енгізілді.  
Бүгінгі таңда мемлекеттік кіріс қызметінің маңызы ерекше және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландырудың маңызы зор. Мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін қызметтердің мерзімі мен тізбесі қысқартылып, қайталанатын рәсімдерді жою арқылы, салық төлеушілердің уақытын үнемдеу мен қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының 27 ақпан 2017 жылғы No 49-VІ Заңы негізінде бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Атап айтатын болсақ, қосылған құн салығы(бұдан әрі – ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне тұру үшін, 2017 жылдың 1-мамырынан бастап салық төлеуші мына төменде көрсетілген тәсілдермен ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы:
•    «салық төлеуші кабинеті» арқылы ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұруға салықтық өтініш тапсыру арқылы;
•    «Электронды Үкімет» порталы арқылы заңды тұлғаның тіркелуі кезінде өтініш нысанында «ҚҚС ретінде тіркелу» туралы белгіні қою арқылы;
•    Қызмет көрсету орталығына ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұруға салықтық өтініш тапсыру арқылы.
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруға салықтық өтінішті электронды түрде өңдеу мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 5 күннен 1 күнге дейін қысқартылуына және салықтық өтінішпен бірге тапсырылатын куәландырушы құжаттардың тізімін алып тастауға яғни, тіркелу барысында талап етілетін мекен-жайын растайтын құжаттың, салық салынатын ең төмен айналымынан асып кеткендігін растайтын құжаттар көшірмесінін ұсынбай-ақ тіркеу есебіне тұруға мүмкіндік беріліп отыр.
Сонымен қатар, ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу есебіне тұрғызу барысында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін, ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеуге қою күні де өзгертіліген. Енді ҚҚС бойынша салықтық өтінішті тапсырған күн, тіркеу есебіне қойылған күн болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу процедурасының оңайлатылуына байланысты, ҚҚС төлеушілеріне қойылған талаптарда күшейтілгенін атап өту қажет. Салық кодексінің 85 бабы 4 тармағы 6 тармақшасы бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруға негіз болатын талаптар көбейтілген. Қойылатын талаптарға сай келуін тексеру енді ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаннан кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі. Талаптар сақталмаған жағдайда, ҚҚС бойынша тіркеу есебінен қойылған күннен бастап шығарылады.
Салықтық өтініш тапсырған әрбір салық төлеуші белгіленген талаптарды орындамаған уақытта туындайтын құқықтық салдары туралы мәліметтермен танысуы қажет.


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн