Мемлекеттік кірістер органдары салық берешегін инкассалық өкімі бойынша өндіріп алынғанын есепке алу

Разместил: zhasulan1 Размещено: 14 февраля 2018 17:16 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 196

                 Мемлекеттік кірістер органдары салық берешегін инкассалық өкімі бойынша өндіріп алынғанын  есепке алу

Салық кодексінің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
Салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң салықтық берешек сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайларда, салық органы салықтық берешек сомасын салық төлеушінің – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады. 
Салық төлеушінің (салық агентінің)  екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шоттарынан салықтық берешек сомасын өндіріп алу, осындай екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiнде салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
Салық органы салықтық берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей инкассалық өкімді кері қайтарып алады.

Есеп және талдау бөлімінің
бас маманы Ж.Б.Омарова


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн